15.05.2022
  122


Автор: Нүсіпбай Әбдірахым

Мұңайсам кейде...

Мұңайсам кейде,
Түңілсем кейде торығып,
Қиналсам кейде маңдайым тасқа соғылып.
Көтеріп кетед еңсемді
Досымның бірі жолығып.
Шалқысам кейде шаттықтан асып-төгіліп,
Құйса бір ауыр уайымның бұлты сөгіліп.
Қуанды бірге достарым
Көңілдер аппақ көрініп.
Амалсыз кейде алыстап кетсем достардан
Жоқ менде көрсем дегеннен басқа ой,
Басқа арман.
Лаулайды достық алауы
Сенімнен берік басталған.
Бір досым мені сергітед шаттық ертке кеп,
Дос көңіл барда жабығу бізге ерте деп.
Сезініп аппақ көңілді
Кетемін кейде еркелеп.
Мың алғыс, достар,
Ойларды ауыр тастадым,
Кеудемде бірақ басқа ой – тұнжыр аспаным.
Сендерге деген от сезім,
Сағыныш атты басқа мұң.





Пікір жазу