15.05.2022
  99


Автор: Нүсіпбай Әбдірахым

Кетті енді қайта айналып келмеске...

Кетті енді қайта айналып келмеске
Махаббаттың бал қызықты күндері.
Шат күндерім айналғандай елеске,
Неге үзілді махаббаттың гүлдері?
Өтті қызық күндерім шаттанатын,
Мұңға оранды кеудемдегі бар арман.
Сен таптаған гүлдерін махаббаттың
Мен аялап көз жасыммен суарам.





Пікір жазу