15.05.2022
137
![](/uploads/shorttexts/author_image/5-2.jpg)
Жұбатпай-ақ қойғын мені...
Жұбатпай-ақ қойғын мені,
Толқытпағын, ей, өмір!
Бұл қайғымның болмайды емі,
Толмайды енді бос көңіл.
Айтпаймын мен саған енді
Сүйемін деп ешқашан.
Сүйген жүрек көнді, мейлі,
Еркің қайда тастасаң.
Маған арман асау бақыт,
Құшағына сені алсын.
Жыр өзегі болған шаттық
Саған мәңгі оралсын.
Қозғамайын мен де өткенді
Есіңе алғың келмесе.
Отқа салам кей беттерді
Өлең маған көнбесе.
Көктемнің бір самал желі
Шарпып өтсе денемді.
Шалқымайды өлең жолы,
Толқытпайды сені енді!