15.05.2022
  139


Автор: Нүсіпбай Әбдірахым

Үнсіз тыңдап тұрмын сені...

Үнсіз тыңдап тұрмын сені,
Не дейін?
Бітелгендей ыстық жаспен көмейім.
Қоштастым мен, жүзіп барад дүние,
Қош, сүйіктім, болсын сенің дегенің!
Мас адамдай тәлтіректеп барамын,
Тоқта! – дейді бұлдырап қос жанарың.
Күміс күлкің сыңғыр қағып шақырад,
Тартады артқа түннің ерке самалы.
Жүріп келем, көре алмаймын алдымды,
Кім бар менің түсіне алар қайғымды?!
Көңілімде тек қара түн қалғандай
Бейне біреу алып кетіп ай-күнді.





Пікір жазу