15.05.2022
  102


Автор: Нүсіпбай Әбдірахым

Оқыдым қайта тағы да сол бір хатты алып...

Оқыдым қайта тағы да сол бір хатты алып
Қалса да әрбір сөзіне дейін жатталып.
Амал не, жаным, сүйіпсің басқа біреуді,
Қинайсың енді өзіңді неге ақталып?
Кетсе де қимас бақытым сенің қолыңда,
Тұрамын қалай кедергі болып жолыңда?
Қайтейін ренжіп, тіледім бақыт мен саған
Кетсе де арман айналып сиқыр сағымға.
Ақталма бекер, өзіңе ешбір өкпем жоқ,
Құлпыра бергін, сәулешім, сұлу көктем боп.
Жылатса тағдыр жүрейін әркез жұбанып
Бақыттың биік шыңына сені жеткен деп!





Пікір жазу