Сүйгенің басқа еді...
Сүйгенің басқа еді,
Өзге жанның
Көрдім мен құшағынан бүгін сені.
О, жүрек, түңілші енді!
Көшедегі кездескен көк аттыға
Айырбастап кетті ғой күнің сені.
Алабұртып қайтадан жоқтамашы,
Сүйкімді ол, сұлу ол
Жоқ таласым,
Жоқ және бақталасым. - Сүйесің бе? - деп едім сол жігітке
Күліп жауап берді ол: “оттамашы!”
Бірі келіп- құшақтап сүйдім,- дейді,
- Көнбеп еді, аямай ұрдым,- дейді,
- Жылады, күлдім- дейді.
Қорғай алмай қимасын қайран кеуде
Иесіз үйдей әр сөзден дүңгірлейді.
Қаласаң сені мүлде танымайын,
Танымайын, Тағдырға бағынайын,
Соншалық сағынайын.
Биік едің, өр едің, тәкаппар ең,
Оралшы сол кезіңе тағы да, айым.
Өтінемін, сыртыңнан күйінбейін,
Сен бақытқа бөленсең күлімдейін,
Қол жетпес күнім дейін.
Биік ұстап басыңды жүрші, қалқам,
Маған сонша батады сүрінгенің.