15.05.2022
  1248


Автор: Туған күнге тілек

Көкеме

Жанымызда жалау болып жүретін,
Жас баладай риясыз боп күлетін.
Көкем менің мейірімді асыл жан,
Бұл өмірдің жай жапсарын білетін.

Құтты болсын туған күнің бүгінгі,
Көке сізге арнаймын бұл жырымды.
Ортамызда жүрші аман күлімдеп,
Естіп біздер қуанышты үніңді.

Мықты болсын көкешім, саулығыңыз,
Болмасыншы өмірде еш мұңыңыз.
Көке сізге бар жақсыны тілеймін,
Амандықта ортамызда жүріңіз.





Пікір жазу