15.05.2022
1478
Туған күніңізбен құттықтаймын
Бүгінгі туған күніңіз,
Құтты болсын кеп жеткен.
Күндеріңіз көп болсын,
Шаттығымен тербеткен.
Тәте аман болыңыз,
Әрбір жылы гүл жайнап.
Жастан жасқа толыңыз,
Қуанышта той тойлап.
Отбасыңыз аман боп,
Қиындықтар болмасын.
Тыныш, бейбіт заман боп,
Бар жақсылық орнасын.