15.05.2022
395

Тентек жігіт десін мені қай теңім...
Тентек жігіт десін мені қай теңім,
Қызбалықтан бүлінемін, қайтемін.
Сол кездері ойланбастан біреулер,
Жаман жандар шығар дейді əй, тегің.
Тентекпін-ақ, бірақ, текке тимегін,
Тиістің бе, онда отыма күйгенің!
Біліп алғын батыр киген сауыттың,
Омырауында аман қалған түймемін!