15.05.2022
  160


Автор: Аманхан Əлімұлы

Көгілдір көктем, Елік қыз, есіңде ме еді...

Көгілдір көктем, Елік қыз, есіңде ме еді,
Кең дала кербез көлбеңдей төсін кереді,
Есіңде ме еді?..
Алғашқы рет біз бірге асқанда қырға,
Шүпілдеп тұрған тегене аспан да нұрға,
Асқанда қырға.
Қызғалдақ ғұмырың құлпырып өмір төсінде,
Келе алмай тұрды, сеземін, көңіл шешімге,
Өмір төсінде.
Жанарың жанып жұлдыздай жалқынды кеште,
Жүрегің, жаным, жүгенсіз алқынды төсте,
Жалқынды кеште...
Бақыттан сол бір бұл күнде бақыт та аспайды,
Алқара көк те жұлдыздан жақұт шашпайды.





Пікір жазу