15.05.2022
129
Ормандағы құрылысқа қарап туған ой
Ағаштар,
Ағаштар,
Барады шегініп,
Жапырақ жастары төгіліп,
Трактор, крандар үнінен,
Тынысы тарылып,
Жүрегі егіліп,
Ағаштар барады шегініп.
Сұлулық тəңірі сал-қайың,
Ең соңғы нұрға орап маңдайын, –
Теңселіп тұрды да құлады,
Тірлігі үзілген жандайын.
Теңселіп тұрды да біршама,
Құлады терек те, шырша да, –
Ізгілік жолында адамдар,
Қатыгез болармек мұншама.