meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  15.05.2022
  168


Автор: Аманхан Əлімұлы

Ертектегі секілді ерке құрбым...

Ертектегі секілді ерке құрбым,
Күйге түсіп көңілсіз, шерте бір мұң, –
Бататынын айтарсың баянсыздау,
Бақытыңдай теңізде ерте күннің.
Атқара алмай аяқсыз сертің түкті,
Марғау тартқан шемендей бертін, тіпті, –
Жүрісіңнен таппастан маңғаздықты,
Күлісіңнен сезбессің еркіндікті.
Мезгілінде тірлікте ызғар барын,
Аңғармаған оңаша сыздар жаның, –
Жел үйірген күлдей-ақ көтеріліп,
Жанып кеткен кезінде ізгі арманың.
Берілетін ойларға небір көркем,
Суытарсың менен де көңілді, еркем.
Салқын самал сияқты жайсыз ескен,
Салқын қарап тұрарсың өмірге ертең.





Пікір жазу