15.05.2022
152
![](/uploads/shorttexts/author_image/amanhan-lim-800x480.jpg)
Қонды үйрек келіп жағаға...
Қонды үйрек келіп жағаға,
Бауырын мөлдір шық шалып.
Мылтығыңды емес, жан аға,
Сағынышыңды шықшы алып.
Жеңгейге қазан астырып,
Ішпесек, сорпа, ішпейік.
Жазықсыз көзге жас тұнып,
Жүрмесін бізге құс кейіп.
Қанша ыстық болса жер төсі,
Сонша ыстық оған айдыны.
Жүрсінші көлдің еркесі,
Оңынан туып ай-күні.