15.05.2022
  169


Автор: Аманхан Əлімұлы

Ауру сығанның жыры

О, Тəңір-ай, соншалық,
Қинайтындай не еттім?
Тағдырыма қол салып,
Ауруыңды сый еттің.
Құйын бидің сан түрін,
Меңгеретін оңай-ақ.
Бұл күндері, жарқыным,
Көтертпейді қол-аяқ.
Кім біледі, кеселім,
Созылады қанша айға?
Əлде сыған көсемін,
Қара жер де аңсай ма?
Келер-кетер бүлік боп,
Кезекті бұл дүние.
Мүлік дейтін мүлік жоқ,
Гитарама кім ие?
Шабысымен шаң өрген,
Арғымақ та қалды əне.
Өле қалсам, мені өлген,
Көме-тұғын жан кəне?
Азғана топ, досым-ау,
Кетті емес пе ел кезіп?
Тіршілікке осынау,
Тірі қал да, көр төзіп.





Пікір жазу