15.05.2022
131
Жол мен қыз
Дегенге келіп жөнсіз жөн ауды өзге,
Тығылған борбас құмды жол-ау көзге.
Бір қызды жемге үйренген қол құсындай,
Есімде ұнатқаным сонау кезде.
Борбас құм көшер еді індетпелі,
Қаншама содан бері күн де өткелі?
Жайылма бұлттардай үлбіреген,
Кештім мен бастан талай мұңды өтпелі.
Жол болса шалдырмайтын шалма басын,
Тығылды көзге амалы қалмағасын.
Қыз қағар еді кербез қияр-қимас,
Үзіліп кететіндей талма қасын.
Тірейтін түбі табан барасың да,
О, бастан ұқсап біткен дара шыңға, –
Жүрдім ала бұлттай адасып мен,
Қаншама қыз бен жолдың арасында?
Мен қалдым... Қыз да қалды... Жон ауды өзгең,
Құйрықты түлкі қашқан жол-ау көзден?
Кету менен жетуге түр ілініп,
Екеуінің тағдыры сонау кезден.