15.05.2022
  121


Автор: Аманхан Əлімұлы

Өмір

Қап-қара түн алатын Айсыз естен,
Теңіз кейде.
Күрсінеді сыртта жел жайсыз ескен,
Мені іздей ме?..
Көңілімді баспасаң астан-кестен,
Тауып қыбын, –
Аш бөрідей көзінде аспан көшкен,
Қауіптімін.
Бөрі мауқын басады айдалада,
Ұлып көкке.
Тыныш табам білмеймін қай қалада,
Былық көпте.
Үмітімді өмірдің үздің мұңы,
Қызым кетіп.
Өлсемде өлермін мен күздің күні,
Сызың өтіп.





Пікір жазу