15.05.2022
  164


Автор: Аманхан Əлімұлы

Қалған қатпа ауылда құр сілемі...

Қалған қатпа ауылда құр сілемі,
Табылмай-ақ көңілдің тұрсың емі.
Бағаналар басында тартылған сым,
Ызыңдайды, гулейді, күрсінеді.
Еп-еркін ерке еліктей ескен желді,
Мінездей көремін мен көшпен келді.
Қара күз қарауытып тұр қабағың,
Қыс алды кезіп жүрген сеспең белді?
Салқындықтың сезінген тосын демін,
Жұбатады мені кім, досым менің.
Көңілім ала құйын күй кешеді,
Иесіз қалған киіп қосын кебін.
Тірліктің жақсылықтан құр кезі ме,
Неге мен айта бердім сырды езіле.
Қақ мұзы сияқтанған жылан қабық,
Шытынап көктің шелді тұр көзі де.
Мінезі желдей күзгі ескен ақын,
Кең жайып келе жатыр кеш қанатын.
Көзінен көрші қыздың аспан көрдім,
Мөп-мөлдір, кезде, мынау, есті алатын





Пікір жазу