15.05.2022
142
Ұласар арты дауылға...
Ұласар арты дауылға,
Күміс жал жел-ай ысқырған.
Қымтанған тонды ауылға,
Келеді түсіп қыс қырдан.
Қалғиды қатпа тау, сілем,
Қытымыр қыстың бар табы.
Ұлыған қасқыр дауысымен,
Құбыр да ішін тартады.
Ей, жел-ай, үйді іргелей,
Түндікті қағып-сілікпе.
Ақыры артың жүрмегей,
Айналып шулы бүлікке.
Тірліктің ұғып жалғанын,
Күрсінді бала өрімдей.
Қарашы, тіпті, қалғанын,
Мысықкөз Ай да көрінбей.