15.05.2022
144
Сіңір сүрлеу. Қоп-қою тұман алдым....
Сіңір сүрлеу. Қоп-қою тұман алдым,
Күдік буып көңілді, күмəн алдың.
Түйе өркешті шөмеле, шөптің иісі,
Менің мұңды жанымды ұға алар кім?
Хабар алып қапа жан, қам жайымнан,
Кім сыйпайды, білмеймін, маңдайымнан.
Басында өскен анамның жусан дəмді,
Қу тіршілік кетпейді таңдайымнан.
Ұнатамын жатаған Мешітті мен,
Имандылық тұратын есіп кілең.
Бет түзетті сол жаққа бір тылсым күш,
Ұжымаққа ашылар есік білем.
Ұрыспадың, бəрі бір ұрыстың не,
Əрекетке о бастан тырыстым не.
Ілбіп басып келемін салыңқы бас,
Ауыл Сырда, бар қабір қыр үстінде.
Мешіт. Қабір. Жеткізбес дала байтақ,
Атақ-даңқ іздемей, қаламай тақ, –
Жүрген інім қой бағып қасындағы,
Шелекбасты итіне салады айтақ.