15.05.2022
151
Көңіл күй
Тыныштық. Қала. Түнгі ызғар,
Жатқызбай елдің өсегі, –
Сырласым болып жұлдыздар,
Келемін бойлап көшені.
Олар да, көкте ыз бар ма,
Көңілсіз қабақ тұр бағып.
Көбелек көңіл қыздарға,
Қараймын мен де ұрланып.
Жабайы мысық көзіндей,
Айдың да нұры салқындау.
Болмайтын, сірə, сезінбей,
Жоғалтқан жазғы қалпын бау.
Тіршілік ұзақ, жол қысқа,
Ісімде кейбір шу басым.
Дауа жоқ екен болмысқа,
Кіділеу қыста туғасын.
Көз шалды көрініс алағаш,
Ұқсайды түрлі елеске, –
Шайқалған мастай, ана, ағаш,
Көлеңкем менің емес пе?