15.05.2022
157
Түнгі қорқыныш
Қорықпай еркін алып көр тынысты,
Бітірер көк бөрің де жортып істі.
Тып-тыныш құлақ тұнды түнде үрейлі,
Ай да тумай қойғаны қорқынышты.
Көзіме ұялаған ұйқым қайда,
Мып-мылқау тыныштықтан күй тыңдай ма?
Қап-қара түнек жапқан реңсіз көк,
Көрсетіп алар ма еді сиқыңды Айға.
Қорқынышты өлмелі қартың үшін,
Дүние тынып қалған тартып ішін, –
Жатқандай күтіп теңсіз бір пəлені,
Адами арға артпалы сарқып ісін...
Аңыздай тарап кеткен бертінде елге,
Соқпастан тұр лүп еткен еркін жел де.
Үрейін алып жұрттың дүрмек қапты,
Жайылып жатыр жайма көр түн белде.
Ұстаның ашылатын оңай бағы,
Көк талды шуламайды тоғай-дағы.
Топан су, Нұһ пайғамбар, қайран шалың,
Қараптан-қарап тұрып соны ойлады.