Жастық шақтан
Анау бір кездегідей басынба Күз,
Жалаңаш желең желмен қасынды аңыз.
Жүгіртіп үшеуара бір кесені,
Отырмыз бөтелкенің басында біз.
Аңыз ба, аңыз жатыр тұт жалаңаш,
Көтеріп сағым шаңды үтті ала қаш.
Тып-тыныш тірлік қалып құлақ, тұнды,
Желің де ізім-қайым ықты ала бас.
Бұлайша қарамаған күліп көптен,
Аспанның көзі ерекше тұнық неткен.
Борпылдақ, құмға аунаған бала торғай,
Шөл басты қақ суынан жылып кеткен.
Жайлаған марғау тірлік дала қосын,
Санасын алып-ұшпа шала, тосын, –
Алдырып араққа отыр ақыл-есін,
Таба алмай көңілінің бала хошын.
Жанымды тыныштыққа ашқанда ұйып,
Дүние бейне ақ жал қашқан киік.
Өмірдің өткені де білінбейтін,
Дала кең, сағым шексіз, аспан биік.
Қалаға кетем түбі басынба Күз,
Қиялдан өрген отыр қасымда қыз.
Əзірше олар кексе, мен жап-жаспын,
Отырмыз бөтелкенің басында біз.