15.05.2022
  232


Автор: Аманхан Əлімұлы

Көктемді сезіну

Сiреспе, сiреспегiн, сiреспе қар,
Өлiара аман болса бiр естi алар.
Үзiлсе атан жiбiң айып көрме,
Ынсап ет Алла бердi үлеске бар.
Шатылсам сағыныштан шатылармын,
Қыс деген қызға ұйқас аты бар мұң, –
Жантақтай жарға бiткен жалғыз-жарым,
Даланы жалқы жайлап жатып алдың.
Сынаптай сырғып суық қалады еппен,
Сал демiн сағыныштың ала жеткен, –
Жанымды қалғып-мүлгiп бара жатқан,
Оятшы, қоңырау қағып бала көктем.





Пікір жазу