Диалог
– Тұрлаусыз тiрлiк түзер көшiн келе,
Сыр бойы, тозған тоғай есiңде ме?
Сүйiсiп тұрдық жардың жағасында,
Сол кезде дiр-дiр еттi төсiң неге?
– Дiр-дiр етiп есiмде тұрды төсiм,
Соққан сосын жел алып Сырдың есiн...
– Тоғай шулап, дария толқынданып,
Танытқаны есiмде салқын қалып.
Ай да туған қасыңдай қынамалы,
Ұясына күн қона алтынданып.
– Ия, солай күн батты алтынданып,
Сен де тұрдың танытып салқын қалып...
– Түзейтiндей көрiнер көшiмдi еркiн,
Алматы едi ол кезде есiл-дертiм.
Неге есiме отырмын алып айтшы,
Қай-қайдағы жайларды несiн бертiн.
– Иеленген сонда бiр төсiмдi еркiн,
Сол кезде сен ең менiң есiл-дертiм.
– Жол бөлiнiп неше бiр тарамдарға,
Өттi-кеттi уақыт шарам бар ма?
Жастық қалып бүгiнде жел бастанған,
Келе-тұғын күй кештiм қараң қалға.
– Айтшы өзiң, менiң де шарам бар ма,
Келе-тұғын күй кешсек қараң қалға