Қуаң жаз
Ып-ыстық бетке ұрған қыр самалы,
Кетiрiп көңiл күйдi тұр шамалы.
Қалыпты-ау, қуаң тартып құба тал да,
Қақпай-соқпай қаңтардың бұршағы əлi.
Сияқты жеткiзбейтiн ала сағым,
Көңiлдiң қайда қоям нала шағын.
Жусаннан сəл-пəл биiк, аптап ұрған,
Бел кеттi бетегеден аласамын.
Асынып келер қыстың мұз жарағын,
Күтiп тұр алда кiдi Күз, қарағым.
Жанымды мұздатады тəн сезбейтiн,
Өмiрде əлдеқандай ыз бар ағын.
Табиғат қам кеуiлге қарасын ба,
Адасқан ала сағым арасында.
Қуаң жаз сияқтанып ыстық қапты,
Қуаң тартып өмiрiм барасың ба?!
Болмаған бұл жалғанда нелер ада,
Күн туса жер бесiкке бөлер, аға.
Қуаң жаз. Қапа көңiл. Алда күзiм,
Тұрмын мен əйтеуiр бiр өлiарада.
Мезгiлге қарамастан наза қысқан,
Аумайды жылы-жұмсақ жаз ағыстан.
Бəрi де өтер-кетер, менi қойшы,
Аман бол, аман болшы Қазақстан.