15.05.2022
140
Эх, маған соншалықты көрiндi не...
Эх, маған соншалықты көрiндi не,
Алпыс таяу, жайланар көрiм, мiне.
Өтiп жатыр таңдайға татымастан,
Келмей-тұғын қу тiрлiк өрiмдiге.
Ұқсаған мендегi бiр жыр – налаға,
Жапырақ жабырқаулау ырғала ма?
Бүгiнде егде тарттым, жастық шағым,
Аңқаулау күйде адасып жүр қалада.
Қуар арттан өкпел жел есiп бергiн,
Барар жерге өзiм де кешiкпермiн.
Шiрiк арқан секiлдi бiр үзiлер,
Арасында кешкен күн есiк-төрдiң.
Көңiл қалды көрiнiске қарап тұрып,
Көрсете алмай отырмын барақ қылық.
Есенғали жақынды iздеп барып,
Iшсем бе екен берсе егер арақты ұрып.
Қолды-аяққа тұрмайтын жел мiнездi,
Жанымды қапқан өсек елдi кездi.
Е, Алла, алсаң алғын ендi менi,
Тек қана қалдыр ана шелдi көздi.