meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  15.05.2022
  171


Автор: Аманхан Əлімұлы

Дау

Туған жердiң қоштасқан құсы белмен,
Сары күзде жапырақ үсiп өлген, –
Дауын менен сұрайды қыз кезiнiң,
Жетi бiрдей келiншек түсiме енген.
Рас бiлем, қалайды қайтарымды ар,
Сендерге де менiң де айтарым бар:
– Мен жалғыз ем, жетеуiң жетi жерден,
Жастығымды тонаған қайтарыңдар.





Пікір жазу