15.05.2022
  123


Автор: Аманхан Əлімұлы

БОМЖ

Жығылғандай самалдан қияқ талып,
Бойындағы жайына ұят қалып, –
Тұрады да қояды көз алдымда,
БОМЖ менiң көлеңкем сияқтанып.
Тұрған көлдей көңiлдi тұнып көптен,
Шайқап шыққан елдегi бүлiк шектен, –
«Қаламгерде» отырмын азан-қазан,
Арақ iшiп шет елдiк жылып кеткен.
Құлазыған жанымды қоям қайда,
Бала сезiм қайтадан оянбайды, ə.
Суылдатып жүректi бiр қорқыныш,
Түсiредi үрiкпе қоян жайға.
Көтерместен жүрiстi атүстi арман,
Табиғаттай бұзылып оқыс, қарғам, –
Күй кешемiн кей кезде БОМЖдардай,
Таңғы асын iздеген қоқыстардан.
Қарақошқыл биiктеу белдеулiктен,
Жыланқабық жарасы шелдеу бiткен, –
Қараңғылау қатынға қапа көңiл,
Түбi тесiк шелектей жөндеу күткен.
Бар-ау бiлем ұққанға күнде алалық,
Баяғыда бала едiм тұл далалық, –
Қала бұзды, шешем жоқ ұрса-тұғын,
Алсам ба екен қара шаш түндi ана ғып





Пікір жазу