15.05.2022
  91


Автор: Аманхан Əлімұлы

Өттi кеттi тiрлiктi тiзесiң бе...

Өттi кеттi тiрлiктi тiзесiң бе,
Қалып қойған қунақ қыз, Күз есiмде.
Қанша еркек бал татып ерiнiңнен,
Қанша еркектiң отырдың тiзесiнде.
Көрiнгенмен кей-кейде қыздай бұла,
Оңашада жүрегiң сыздайды ма?
Күзде басқан қынадай қырып алды,
Тiршiлiгiң құлама құздай құба.
Болар жанды тағдырдың емдегенi,
Ойын ғана бiздiкi кем дегенi.
Өлiп-өшiп сүймеймiн мен де сенi,
Өлiп-өшiп сүймейсiң сен де менi.
Жылдар өтiп желауыз қоспаса аңыз,
Бiрге қазiр жердi бiз бос басамыз.
Қалай қалқа кездейсоқ жолығыссақ,
Солай қалқа бiлемiн қоштасамыз.
Кете-тұғын соңынан ерiп кiсiң,
Сөз жоқ қарғам жел мiнез, көрiктiсiң, –
Көрiнгеннiң қолынан дəм татқаны,
Болмаса тек болмыстай ерiк құсың





Пікір жазу