14.05.2022
  126


Автор: Аманхан Əлімұлы

Тағдыр

Жанды жырмен бір кезде өрте дейтін,
Арақпенен тоздырған ерте кейпін, –
Сəл масаңдау бір ақын деді маған:
«Енең емес тіршілік еркелейтін».
Бірден бірге ауысқан алтын мұра,
Ішкіш шайыр бойымда қалпың жүр, ə.
Кездескенбіз екеуміз ертеректе,
Жертөледе сататын салқын сыра.
Қайран мезгіл қызуын алып бойдың,
Жетегінде жүрдік біз шалықпа ойдың.
Мен болсам кеттім шығып кейін одан,
Сен болсаң сонда ұзаққа қалып қойдың.





Пікір жазу