Жеті кемпір және өзім туралы элегия
Дей-тұғын бір жайсыздау жел ескен ең,
Көмілген көк шалғынға елес белең.
Ыдыстай ішімдіксіз дүкенге өтті,
Өткіздім жастығымды емес пе, мен.
Қайтейін, ей, уақыт, игеніңді,
Өткізіп қоңыраулатып күйме күнді, –
Отырмын ертегідей айтып қазір,
Жеті қыз мені өлердей сүйгеніңді.
О, жастық, қолын созған көкте Күнге,
Соңыңа қарамастан кеткенің бе?
Басымда жеті кемпір жылап тұрар,
Өмірден өксік буып өткенімде.
Жайларды жабырқаулы түйе келіп,
Жағымсыз жанға түскен күйе делік.
Жастығым өтті-кетті шарап шалып,
Өзімді алды бір қыз иеленіп.
Бойымды алған кезде аза-қайғы,
Жетеуі жеті жерден мазалайды.
Өзіммен өзім қалып ойланамын,
Бақилық жақтағы бір жаза жайлы.
Танытқан тіршілікке ыза қалып,
Көрсетіп тұр-ау кіді Күз алалық.
Отырар жеті кемпір оңашада,
Өмірге менсіз өткен ызаланып.