14.05.2022
  112


Автор: Аманхан Əлімұлы

Бір кезде бас білмейтін балғын едім...

Бір кезде бас білмейтін балғын едім,
Бұл күнде самайымды ақ шалды менің.
Аузынан жырып алып қасқыр жемін,
Есімде ішпей-жемей мас жүргенім.
Қаншама еріндерден от ұрладым,
Шау тартып мынау қазір отырғаным.
Жайлап ап жайлы жерін төрдің ханша,
Құшақтан қимай отты өрдім қанша.
Бүгінде өтті-кетті со бір кезім,
Жалыны қайтқан əзір көмір көзім.
Ұмытып мақсат деген басты ұғымды,
Арақпен улап біттім жастығымды.
Бүгінде өзі кетіп, жұрты қалған,
Ұйқымнан оятады түртіп арман.





Пікір жазу