14.05.2022
143
Тұратын пана көріп жиі ақ талды...
Тұратын пана көріп жиі ақ талды,
Лүп еткен желден сыңсып қияқ қалды.
Ап-ауыр составтардай бұлт көшіп,
Қаран су қаптап кетер сияқтанды.
Басталды бір ұлы көш аспан жақта,
Шуылдап қоя берді сасқан бақ та.
Алаңдап қарай бердім көкке мен де,
Соншама көңіл, шіркін, жасқаншақ па?
Кетті, əне, тыным таппай құрт-құмырсқа,
Көрсетіп мінез келді шырт сынысқа.
Мезгілсіз келген қонақ сияқтанған,
Жаңбыр да кенелтпес-ау, жұртты ырысқа.
Келтіріп көз алдыма сырды төккен,
Жаңбырдың исі ұрып тұрды көктен.
Көрсетіп торғайлар да тосын қылық,
Алғандай жаулап қатер қырды көптен.
Мысалы деуге келер қиын қылық,
Көрсетіп жүрмесең де дүйім бүлік, –
Құдайдың құдіретіне шара бар ма,
Болмайтын, ей, табиғат, күйіңді ұғып?