14.05.2022
  181


Автор: Аманхан Əлімұлы

Қауқары жоқ көңіл-ай бүртік құрлым...

Қауқары жоқ көңіл-ай бүртік құрлым,
Қалдың неге ұштығын іркіп сырдың?
Жаздың жылы жаңбыры сияқтанған,
Сенің кермек жасыңды сүртіп тұрдым.
Өтіп бастан неше бір жай құсалы,
Жұбата алар жүректі қай құс əні?..
Су түбінде жел тербеп, толқын шайған,
Дір-дір еткен ерінің Ай, мысалы.
Қалың қамыс, балғын кез, Сыр жағасы,
Сыңсып желден тоғайдың тұрды ағашы.
Ұрын келіп ұстап ап ұрымталда,
Ұрысқаны есімде бірде ағасы.
Қас қағым сəт берілмей құса-мұңға,
Толқып тұрдық табиғат құшағында.
Со жолы сырыңды ашпай жылап кеттің,
Сезімді алып ұшқан тұсадың да.
Бүгінде сен де басқа, мен де басқа,
Ұқсайтын жоқ мінез де желге баста.
Сумаң жел сыбырлайды құлағыма:
«Бекерге келгенсің деп елге, Қасқа





Пікір жазу