14.05.2022
  147


Автор: Аманхан Əлімұлы

Тұрмай-тұғын қызуын алмай бойдың...

Тұрмай-тұғын қызуын алмай бойдың,
Қас қағым сəт үзігін жалғай ма, ойдың, –
Мезгілінен ертелеу түскен қардай,
Неге ұшпа қыз есімде қалмай қойдың.
Болғанменен қайрақтай қалпым мықты,
Сездім білем бойыңнан салқындықты.
Ілесе алмай тобынан қалып қойған,
Жар қуалай жан жеді жалқы үн шықты.
Жалқы шыққан жар қуып тырна үні,
Арқау неге етпессің жырға мұны.
Запырандай ап-ащы кеуде тілді,
Көңілімді жайлаған сыр ма, мұңы.
Тоғай шулы, мен мұңды, қапа қыз да,
Сыр бойында айналған аты аңызға, –
Бірімізді біріміз алдағандай,
Шынымен-ақ кінəға батамыз ба?..





Пікір жазу