14.05.2022
130

Жел
Сенен қиқар тірлікте өтеді не,
Еріп кетер сияқты жетегіңе, –
Ентікпе жел ойнаған қыз шашымен,
Тыным бермей қойдың-ау етегіне.
Көңілдердің табысар жайлы аймағы,
Жапырағын ауылдың жайды-ай бағы.
Өліп-өшіп отырған екі ғашық,
Түсірді еске жайларды қай-қайдағы.
Ей, уақыт таппасаң бір еміңді,
Сал сағыныш меңдеді жүрегімді.
Қолды-аяққа тұрмастан лүп етпе жел,
Кеудемдегі қоздатты үре мұңды.
Түсіп тұрған тал-терек көлеңкесі,
Дірілдейді тұнған қақ желең төсі.
Жүдеу-жадау жұрт та жүр желді бақта,
Түзеу білмес не деген ел ең көші.
Көңілім əлденені түйді есебі,
Сезімім ала құйын күй кешеді.
Оятып жел жіберді шабытымды,
Əйтпесе, ол өлең болып имес еді.