14.05.2022
  236


Автор: Аманхан Əлімұлы

Биыл күзде ауылға тағы келдім...

Биыл күзде ауылға тағы келдім,
Сынып қапты тірліктен сағы елдің.
Бұлбұл ұшқан қуалай жел шалатын,
Көк шалғынға көмілген шағы белдің.
Кез туып тұр келеңсіз өртең дескен,
Мезгіл неткен тұрлаусыз серт ең, көшкен.
Кемпір болып алдымнан шығып тұрған,
Шығарамын қалайша еркемді естен.
Өтті – кетті жастықты жырға балап,
Елден ерек жүруші ек Сыр жағалап.
Сыртымыздан баққан бір көзді сезем,
Құйтақандай көшірмем тұр ма қарап.
Байқалады бағамсыз күзде есерлік,
Айтшы бізде қалды не жүздесерлік?..
Тоғай тозып, дария табаны да,
Қалыпты əбден көрініп із кесерлік.
Бұлбұл ұшқан көзінен бұла шағы,
Біздің жастық сағымдай қыр асады.
Жағалауды мүжіген көнекөзді,
Сылдыр-сылдыр су ғана сыр ашады





Пікір жазу