14.05.2022
114
Тұрады жаным кейде сыздап қана...
Тұрады жаным кейде сыздап қана,
Торғайдай табалмаған мұздап пана.
Ауылдан кетіп тындым ақыры мен,
Кеткен соң алып шулы, қызды, ақ қала.
Ұрынып қалдық па əлде ала күзге,
Көрсетіп жат қылықты қала бізге, –
Көңілсіз өтіп жатты күндеріміз,
Іштегі ұрып мұң мен нала жүзге.
Тапты да əлсіздеу бір шала жерді,
Сеземін мені ауылдық бала көрді, –
Жігітке жергілікті жолықты да,
Өзгеріп сүйген қызым сала берді.
Сезімге болмас мендік сел тең келіп,
Түсінген біздің жанды ел кем делік.
Беймаза тірлік жей-жей жастығымды,
Көзімнің алды кетті желкенделіп.
Етектен соқыр сезім тарта бізді,
Жүргенде кеңге беріп арқамызды, –
Махаббат, қала, сосын ана жігіт,
Жіберді араластырып картамызды.