14.05.2022
  147


Автор: Аманхан Əлімұлы

Жандай-ақ жабырқаулы несіп баққан...

Жандай-ақ жабырқаулы несіп баққан,
Сап-салқын тұрды бір леп есіп бақтан.
Көңілмен күпті болған сыртқа шықсам,
Жел болып шықты тағы есік қаққан.
О, мезгіл тұр-ау, білем, шараң құрып,
Көзге ұрды көрсетесің аран қылық.
Кеш түсіп келе жатыр мысық табан,
Болатын шығар қою қараңғылық.
Келуге үйге сезем еріндіңіз,
Өріктей тəтті əрі өрімді қыз, –
Осы бір көңілсіздеу кезде маған,
Əдемі болып неге көріндіңіз.
Ұқсайды төгілетін көзің көлге,
Ерекше сізге деген сезімнен бе? –
Кезіңде жылап тұрған көрінесің,
Мəжүн тал сияқтанып өзің де елге.
Сарғалдақ түске туған боянды Ай да,
Бір сезім маған деген оянбай ма?
Ең соңғы жапырақтай дір-дір еткен,
Жанымды жабырқаулы қоям қайда?





Пікір жазу