14.05.2022
  175


Автор: Аманхан Əлімұлы

Қара бұлттай үйіріліп басқа бір мұң....

Қара бұлттай үйіріліп басқа бір мұң,
Тұрмын үнсіз басында жас қабірдің.
Қаза меңдеп жүректің қысылғаны,
Мысалы, қына түскен тасқа кірбің.
Ерте орап өрім жасты ыз кебінге,
Тірлігін о, Жаратқан, үзгенің бе?
Табиғат түк болмаған сияқтанып,
Маужырап тұр қалыпты күз лебінде.
Жүретін шуақ берді сезіп күндей,
Жарына жесірлік боп кезіктің бе, ей? –
О, жастық отбасылық тіршіліктің,
Қызығын жүрген кезде сезіп-білмей.
«Ұстағын ажал ғайып» – деуді есіңде» –
десең де келтірместен «беу» десінге,
Шыбын жан шығып кетсе шырыл қағып,
Кім ұстап тұра алады кеудесінде.
Басына қойды қиық мыстан Айды,
Енді оны тірлік түкте қыстамайды.
Қоңыр күз жайлы тиді жамбасыңа,
Əйтеуір, тисе жақсы қыс та жайлы.
Жарына жаңа үйленген азап-ау шын,
Есітіп тұрмын ащы қаза даусын.
Шүкірлік етем, бізге қарағанда,
Күнə мен кінəдан сен тазалаусың.





Пікір жазу