14.05.2022
  136


Автор: Аманхан Əлімұлы

Бір сырды сыбдыр қағып, Шерте бізге...

Бір сырды сыбдыр қағып,
Шерте бізге,


Жап-жас бақ тұрды ырғалып,
Ерте күзде.
Қайыңға жел тиместен,
Тұр-ау жайлы, 
Қыздан мұңды күй кешкен,
Бір аумайды.
Сыр-сыр еткен, қинап бір,
Сыпырғысы, –
Жапырақты жинап жүр,
Бүкір кісі.
Жарым көңіл, құла түз,
Асыл аға, –
Тынышты алған мына Күз,
Басыла ма?
Қатпа Күз берді бүгін де,
Бір-ақ хабар, –
Мекенімнен түбінде,
Тұрақ табар.





Пікір жазу