14.05.2022
  147


Автор: Аманхан Əлімұлы

Қарайған жар жағаның сес сілемі....

Қарайған жар жағаның сес сілемі,
Ін қашты жықпылына кешті іледі.
Дария жақтан ескен желмен бірге,
Шибөрі жыласы да естіледі.
Сыбдыры естіледі қамыстың да,
Қияқ та қамыспен қас қағыстың ба? –
Дірілдеп тұрсың желдің өтінде сен,
Лебі де сезіледі ағыстың да.
Көңілді келе-тұғын қайғы алыпқа,
Ұғатын сияқты-ау жай халық та.
Қаншама салғанменен қармақ қаппас,
Ұқсайды көкте жүзген Ай балыққа.
Тұрмыз біз Сыр бойында қиық қастым,
Жағаны қашты, ой-хой, сүйіп тасқын.
Көнекөз басын бүкір тораңғыл да,
Тұрғандай алдында бір иіп жастың.
Сіңіріп өскен бойға дала күйін,
Мұндай күй кешкен емес бала қиын.
Көкте Ай, саған жерде қол жетпейді,
Көңілді қайда қоям алақұйын.





Пікір жазу