14.05.2022
  140


Автор: Құралай Омар

Сезімді Бұғаулай алмаған кезім-ді....

Сезімді
Бұғаулай алмаған кезім-ді.
Тауысып сабырды, төзімді.
Ауысып...
Ес – бүтін, жүректің үніне ілесіп,
Сағынып қауышып,
Бақыттан ұмытқам өзімді.
Күй кешіп өзгеше, ұнамды,
Еңсені езетін тұманды
Таратқан
Қас-қағым,
Балдан да тәп-тәтті сәттерді – күнәмді,
Күнәсін
Кеше көр, Жаратқан!





Пікір жазу