14.05.2022
  121


Автор: Құралай Омар

Сағыныш – сары құс

Сағыныш – сары құс,
Сәлемiмдi алып ұш.
Сүйiктiм бар жырақта,
Соған барып тұрақта.
“Сағынды сенi” дегерсiң,
Сұлу сөздi төгерсiң.
Түндерде кiршi түсiне,
Есiне менi түсiре.
Сағынсын, менi ойласын,
Мазалап сезiм қоймасын.
Жүрегi тоқып тасыла,
Келсiншi бiр күн асыға.
Жалынға орап жанымды,
Тасытып ыстық қанымды,
Қуанышқа бөлесiн
Махаббаттың кемесiн...
Ойымда жүрген күндердi,
Аңсаумен өткен түндердi
Тастайын серпiп тағы да.
Ұмтылып алға, бағыма.
Шыдайын, бiраз төзейiн,
Сағыныш дәмiн сезейiн...
Сүйiктiмдi, сары құс,
Келерiңде алып ұш!





Пікір жазу