14.05.2022
135
Басып келем ақ қарды жалғыз, жаным...
Басып келем ақ қарды жалғыз, жаным,
Армандаумен болсаң деп сен қасымда.
Әнiн естi ақ қыста қар қыздардың,
Мұңы олардың менiң де бар басымда.
Алыстасың, сағынып, сыр ақтарып,
Сәлем жолдап жүргенiм аппақ қардан.
Iздеудемiн кетсең де жырақталып,
Жүрегiмнiң дүрсiлiн тоқтап қалған.
Тоқтап қалған жүректiң дүрсiлi мен
Күтудемiн өзiңдi, жан арманым.
Мұңлы жырлар жазамын күрсiнумен,
Жасқа толып, мөлдiреп жанарларым.