14.05.2022
131
Жыраққа кетер едiм...
Жыраққа кетер едiм.
Қимаймын.
Ненi?
Күндi?!
Жо-жоқ сенi...
Өзiңсiз өмiрге сыймаймын тегi.
Алыстап кетер едiм.
Табынам!
Кiмге?
Көкке?!
Жо-жоқ түнге.
Сүйемiн тек сенi, сағынам күнде.