14.05.2022
193
Қызыл қоңыз, не iздедiң,
Қызыл қоңыз, не iздедiң,
жүргенiң не сандалып?
Күнкөрiстiң қамы ма
Тамақ тауып, жан бағып?
Қызыл-жасыл тiрлiкке
Қызықтың ба таң қалып?
Өтiп жатыр төбеңнен
Екi аяқты сан халық.
Мен отырмын ой емiп,
Сен келесiң адасып,
жаныңа әлде батты ма
Қоймағаным жақ ашып?
Не айтайын өзiңе...
Қиялмен жүрген таң асып,
қияли ақын боп барам,
Көңiлiм көкпен таласып.
Тезiрек тап жоғыңды,
Көп адаспай, сортаңым.
Басып кетiп жүрмесiн
Бәз бiреулер, жол шағын.
Ал мен тапсам ойымды
(Адамзатқа ортақ үн),
Көре алмайтын көп табан
Таптай ма деп қорқамын!