14.05.2022
122
Қол ұстасып, бiрге кешiп махаббаттың бал шағын...
Қол ұстасып, бiрге кешiп махаббаттың бал шағын,
Жүрсек тағы, қуана алмай, жанарымнан тамса мұң.
Кешiр менi...
Сездiң бе екен...
Құшып тұрып сағынып,
Сүйiп тұрып өзiңдi аласұра аңсадым.
Жанымдасың... тәттi сөздiң бәрiн маған арнадың.
Бiрақ, бiрақ ұша алмады қанаты жоқ арманым.
Не iстей алам?
Кеш жолықтық, тағдыр бәлкiм осылай,
Өкiнемiн.
Тiстелетiн тағы өзiмнiң бармағым.
Айтшы, неге сорлы жүрек соны ұқпайды адасып?
Бағдары жоқ болашаққа отырамын бал ашып.
Сенi көру, саған жету бақыт болса қаншалық,
Сонша қайғы шаттығыма көз алартар таласып.