14.05.2022
  116


Автор: Құралай Омар

Мен бiргемiн елеспен...

Мен бiргемiн елеспен.
Көкiректе дауыл тұрып, жел ескен.
Жағдайымды сен бiлмедiң, қайтейiн,
Қабырғаммен кеңескен.
Сен бiргесiң өзгемен.
Бұл күйiңе бұлтарыссыз төзген ем.
Ап-ауыр жүк жүрекке арқалаттың.
Көтерем ғой – өз денем.
Мен бiргемiн сағыммен.
Жан жадырап, жүзiм жанған шағым кем.
Жақын емес, жат болған соң, амалсыз,
“Сүйем” дедiм сақ үнмен.





Пікір жазу