14.05.2022
  121


Автор: Құралай Омар

Мөлдiрге лайсаң...

Мөлдiрге лайсаң,
Аппаққа қара құмар шын...
Демеймiн жаңбыр
Сөзiмдi жақтап құп алсын.
Перiште жүрек
Пенденiң оғы көп тиген,
Жараланған жанымды
Сен ғана, құрбым, ұғарсың.
Ақ үмiт күтiп
Тек қана рауан таңдардан.
Көңiлiм қалып доспын деп жүрген жандардан.
Адасып долы дауыл мен қара шаңдардан,
Жайымды түсiн, өзiмдi iздеп сандалған.
Боз ала тiрлiк,
Жоғымды табу қиындау,
Жолымды кестi
Құтыра соққан құйын – жау.
Дегенмен бiрақ тәңiрге
(Бергенi үшiн жолдама жарық жалғанға)
Мүмкiн емес-ау сыйынбау.





Пікір жазу